Тоқсандағы шешесін екі қолы жоқ мүгедек ұлы асырап отыр (фото)
Тоқсандағы шешесін екі қолы жоқ мүгедек ұлы асырап отыр (фото)
9 жыл бұрын 11478 massaget.kz

48 жастағы Чэн Хинюньнің (Chen Xinyin) тағдыры өте қиын. Ол 7 жасында екі қолынан айырылған. Чэн әкесі 20 жасында дүние салған соң, ауру анасымен жалғыз қалады. Уақыт өткен сайын анасының денсаулығы нашарлай түседі. Әлдебіреулер Чэнге: "Қайыршылықпен айналыс" деген сияқты кеңес бергенде, ол: "Екі қолым болмағанымен, екі аяғым бар. Олай ақша табуға ешқандай ниетім жоқ", – деп кесіп айтады. 

Чэн екі қолынан айырылған соң, тамақ пісіруді, егін егуді, себет тоқуды үйренеді. 2014 жылдан бастап Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Чунцин резиденциясында тұратын ол өзінің 91 жастағы анасын толығымен қамқорлыққа алады. Тіпті анасын қасықпен тамақтандыратын күйге жетеді.

Қыс мезгілі – Чэннің ең бір қатты қиналатын шағы, себебі жұмысының көп бөлігін аяғымен істеуге мәжбүр болғандықтан, аяғы жиі тоңып қалады екен.

4 пікір
  • Аллаһу әкбар. Алла тағала осы еңбегі үшін тура жолына бастап, қиямет күні пейіштін төрінен орын нәсіп етсін.
    9 жыл бұрын
  • амин
    9 жыл бұрын
  • Екі қолымыз, екі аяғымыз сау тұра, "қиыншылықтарымызды" девальвацияға жаба салатын бізге не жоқ десеңші... Пендешілік қой... АЛЛА өзі кешірсін. Пайғамбырымыздың (с.ғ.с): "Атақ-абырой, дүние мүлік мәселесінде өздеріңнен жоғары болғандарға емес, төмен болғандарға қараңдар, ол сендердің барға қанағат етіп, тәубе келтірулеріңе көмек береді" - дегені - нақ ақиқат.
    9 жыл бұрын
  • Ел аузында айтылатын "Алланың разылығы – ата-ананың разылығында", "жәннат – ананың табанының астында" деген сөздер есіме түсті.
    9 жыл бұрын
Мұрағат