Телефон нөмірін ауыстыруға заңмен тыйым салынуы мүмкін
Телефон нөмірін ауыстыруға заңмен тыйым салынуы мүмкін
3 жыл бұрын 2254 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Ресей Федерациясының цифрлық даму министрлігі телефон нөмірін ауыстыруға заң жүзінде тыйым салуды қарастыратын үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ақпарат көзінің мәліметінше, РФ цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникация министрлігі «Ортақ қолдануға арналған байланыс желілерін бір орталықтан басқару ережесіне өзгертулер енгізу туралы» үкімет қаулысының жобасын дайындаған. Аталмыш жобада абоненттік нөмірін ауыстырудан болатын қауіп-қатерді құқықтық тұрғыдан бағалау әрі бекіту қарастырылып отыр. «Жоба арқылы РФ аумағындағы интернеттің ақпараттық-телекоммуникациялық желісінің және жалпыға қол жетімді байланыс желісінің жұмыс істеу қауіпсіздігіне қатер төндіретін қауіп-қатерлер тізімін абоненттік нөмірді ауыстырудан болатын қауіптермен немесе байланыс желісіне я болмаса мәліметтерді беру желісіне дауыспен хабарлауды қосқан кезде абонентті сәйкестендірудің өзгеше кодын ауыстырудан болатын қатерлермен толықтыруды ұйғарады»,- деп айтылған бұл тараптағы құжатта. Шенеуніктердің айтуынша, телефон нөмірі «азаматтардың денсаулығы мен дүние-мүлкіне зиян келтіретін немесе қоғамдық тәртіптің жаппай бұзылуына жол беретін немесе өмірлік маңызы бар нысандардың, көліктік әне әлеуметтік инфрақұрылымдардың, энергетика нысандарының, өнеркәсіптің жұмысын тоқтататын қауіпті тудыратын террористік актілер немесе өзге де ақпараттар тарату мақсатында» ауыстырылуы мүмкін. Яғни, теракті туралы бейтаныс нөмірден жалған хабарлама беру арқылы қоғамның үрейін алатын немесе әлеуметтік маңызы зор инфрақұрылымдардың ұмысын тоқтатып, мемлекет мен оның азаматтарының өмір сүруіне кедерге жасайтын әрекеттер орын алу қатері бар.

0 пікір
Мұрағат