Стереотип немесе Федералды тергеу бюросының лаңкестерді анықтау әдісі
Стереотип немесе Федералды тергеу бюросының лаңкестерді анықтау әдісі
9 күн бұрын 183 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Осы заманғы террористер елдің санасында қалыптасқан жаңсақ бейнеде емес, яғни, сақал жіберген, қара киінген бейнеде емес, жұрттың назарын өзіне аудармасы үшін «зайырлы қоғамға» тән  бейнеде болатынын жеткізді РФ федералды тергеу бюросының аты-жөнін жасырын ұстаған қызметкері. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған қауіпсіздік қызметкерінің сөзіне қарағанда, көптің арасына тез сіңіп кетуі үшін қарапайым киінеді. Осылай дей келе ол арнайы қызметтің ұзақ жылдар бойы мұсылман елдерінен келгендерге айрықша назар аударатынын, ал Еуропалық Одақ елдерінен ұшып келгендердің арасында ТМД елдерінен, Қап тауынан, Татарстаннан шыққан азаматтармен міндетті түрде федералды тергеу бюросы қызметкерлері тілдесетінін да жасырмады. Сондай-ақ, ол туристік мақсатта, яғни, саяхаттан оралғандардың күдікке ілінбейтінін тілге тиек етті, алайда, бір жарым жыл бойы, мәселен, Түркияда тұрып келсе, ондай азамат та «әңгімеге тартылатынын», оған сапарының мақсаты, отбасы жағдайы секілді стандартты сұрақтардан бөлек,  осы уақыт аралығында қайда жұмыс істегені, қалай күнкөргені, т.б. турасында сауалдар қойылатынын айтты. Сөзінің соңында қауіпсіздік қызметкері орташа есеппен алғанда 300 адамның 10-15-нен жауап алынатынын жасырмады.

0 пікір
Мұрағат