Сионист радикалдардың қорқау әрекеті шектен шығып барады (4 видео)
Сионист радикалдардың қорқау әрекеті шектен шығып барады (4 видео)
3 жыл бұрын 2534 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Құдыс қаласындағы исі мұсылман үшін қадірлі Ақса мешітінде израилдік күштік құрылымдар мен палестиналықтар арасындағы дүйсенбідегі қақтығыс жағдайдың тым ушығып кеткенін көрсетіп берді. Бұл жайында islam.kz порталы түрлі шетелдік ақпарат көздеріне, соның ішінде Palinfo мәлімет көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Израилдік әскерилер наразылық білдірген қарусыз палестиналықтарға арнайы атқыш құралмен кәріз суын шашып, резеңке оқ жаудырып, жарықпен қарықтыратын әрі құлақ тұндыратын, сондай-ақ, көзден жас ағызатын гранатаны қолданған. Осындай гранаталардың жарылуынан мешіт маңындағы шырша отқа оранды. Мұны тамашалаған еврей келімсектері Қасірет дуалының (әл-Бурак) жанында масайрап, мәз-мейрам болғаны таспаға тартылып қалды. Сионист радикалдар Ақсаны қиратып, оның орнына өздерінің ғибадатханасын салуды көздейді. Құдыстағы бұл қақтығыстан зардап шеккендер мен жарақат алғандар қарасы 500 адамнан асып кеткен. Кейбіреуінің жағдайы тым ауыр. Бұдан бөлек, Газа секторын бомбалаған израилдік әскерилердің қанқұйлы әрекетінен 24 адам бақилық болған, олардың 9-ы балалар.

 

0 пікір
Мұрағат