Шиғалар елінде неке қидыру мақсатында таныстық қосымшасына мемлекет тарапынан рұқсат етілді
Шиғалар елінде неке қидыру мақсатында таныстық қосымшасына мемлекет тарапынан рұқсат етілді
3 жыл бұрын 1366 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иранда мұсылмандар арасында шариғи талаптарды сақтай отырып, өмірлік серігін іздеуге мүмкіндік беретін мемлекеттік қосымша іске қосылды. Мұндағы мақсат жастар арасындағы берік сенімге негізделген отбасын құруға көмектесуге саяды. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Hamdam («Серік») деп аталатын парсылардың бұл қосымшасында болашақ күйеу жігіт немесе қалыңдық өздерінің жеке басын куәландыратын әрі психологиялық сауалдарға жауап беруі тиіс. Неке қиылған соң аталған қосымша жас отбасын өздерін төрт жыл бойы қадағалайтын кеңесшімен таныстырады. Ресми органдар мәлімдегендей, бұл бағдарламаны бас қосқысы келетіндер тегін пайдалана алады. Иранның бас киберполицейі, полковник Әлі Мұхаммед Ражаб мәлімдегендей, Hamdam — Иран ислам республикасында бірден-бір жалғыз заңды таныстық платформасы.

0 пікір
Мұрағат