Шариғат шәлісін жамылуға заң жүзінде рұқсат етілді
Шариғат шәлісін жамылуға заң жүзінде рұқсат етілді
3 жыл бұрын 2071 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұдан былай өзбек қыз-келіншектері ешкімнен именбей қоғамдық орындарды шариғат шәлісін жамылып, еркін жүре алатын болды. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай мүмкіндік қарастырылған заңға ел президенті Шавкат Мирзеев қол қойды. Осылайша мемлекет тарапынан экс-президент тұсынан бері жиі бұзылатын мұсылман әйелдердің құқығының тапталуына біржола нүкте қойылды десе болады. Ислам Кәрімов кезінде және бертінге дейін елдегі мұсылмандардың наным-сенім бостандығына жиі шабуыл жасалатын, жазылмаған заңға айналған күштік құрылымдар тарапынан оқтын-оқтын болып тұратын рейдерлік әрекетке осылайша тыйым салынды. Өзбекстан аумағында тек хижаб қана емес, сонымен  қатар, өзге де нанымдағы тұрғындарға да діни атрибуты бар киімдерін киіп жүруіне рұқсат етіліп отыр. Сондай-ақ, аталмыш заңға сәйкес жіни бірлестіктер мен ұйымдардың тіркелуі едәуір оңайлатылған. Ондай ұйымдарды бұрынғыдай жауып тастамайды, ендігі жерде тек сот арқылы қызметін тоқтата алатын тәртіп орнайды

0 пікір
Мұрағат