Саудия билігі жалғызбасты әйелдерге ер адамның қамқорлығынсыз өмір сүруіне рұқсат етті
Саудия билігі жалғызбасты әйелдерге ер адамның қамқорлығынсыз өмір сүруіне рұқсат етті
3 жыл бұрын 1705 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудияда тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның пәрменімен жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаның аясында әйелдер құқығын кеңейту бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда. Бұл жолы тұрмысқа шықпаған, ажырасқан немесе жесір қалған әйелдерге туысқан ер адамның қамқорлығынсыз өз бетінше өмір сүруге мүмкіндік берді. Бұл жайында islam.kz порталы middleeastmonitor.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің ультраконвервативтік сот органы шариғп соттың процессуалдық заңының 169-шы бабын қолданыстан алып тастады. Бұл түзету өз кезегінде жалғызбасты әйелдерге туыс ер адамның қамқорлығынсыз өз қалауынша өмір сүруіне мұрсат береді. Саудия билігі осылайша зайырлы қоғамға тән атрибутты өзінің әлеуметтік өміріне біртіндеп енгізіп жатыр. Бұдан бөлек, кезінде жаза басып, жазасын өтеп жатқан әйел жаза мерзімі аяқталып, бостандыққа шыққан соң ол өзінің қамқоршысына берілмейді, яғни, толық азат өмір сүре алады. Қорғаушы Наифа әл-Мансидің айтуынша, отбасы жалғыз тұрғысы келетін өзінің қыздарының үстінен шағым түсіре алмайды.

0 пікір
Мұрағат