Сауд Арабиясына барғысы келетіндер назарына!
Сауд Арабиясына барғысы келетіндер назарына!
7 жыл бұрын 3389 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі ел астанасы - Ер-Рияд қаласында Таяу Шығыс респираторлық синдромын - МЕРС (MERS-CoV) жеті адамның жұқтырғанын хабарлады. Маусым айының 10-ы күні аса қауіпті індеттен Ер-Рияд қаласындағы ауруханада басқа диагнозбен жатқан пациенттің қаза тапқынан да жеткізді. Осыдан кейін аталған ауруханадағы пациентпен қарым-қатынаста болған медицина қызметкерлері қауіпті вирус жұқтырды ма деген күдікпен тексеруді бастады. Айта етейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі хабарлағандай, Ер-Рияд қаласындағы ауруханалар мен емханалар қазіргі уақытта аталған індет бойынша тексеріліп жатыр. Мамыр айының маусымның орта шеніне дейін аталған қалада бұл індетке шалдыққандар саны 27 адамға жеткен. Естеріңізде болса, 2012 жылдан бүгінгі күнге дейін Сауд Арабиясында 1634 адам осы вирусты жұқтырған болатын. Олардың 720-ы қаза тапты. 

0 пікір
Мұрағат