|
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мешітінде қанша адам итикафқа кірді?
|
Қасиетті Мәдина қаласындағы Пайғамбар (ﷺ) мешітінің істерімен шұғылданатын президиум мәлім еткендей, Рамазан айының соңғы он күнінде орындалатын итикафқа 13655 қажы кірген. Олардың дені ер-азаматтар. Нақтырақ айтқанда, аталған мешітте итикафқа кірген ер адамдардың қарасы - 11 432, ал әйелдер - 2143. Қасиетті Рамазан айының соңғы он күнін Пайғамбар (ﷺ) мешітінде өткізгісі келетін қажылар алдын ала электронды жолмен өтініш береді. Аталған мешітте итикафқа кірген адам тәртіп сақтап, мешіттің ішін ластамауы керек әрі өзгелерді мазалмауы тиіс. Итикаф мерзімі Ораза айтына қараған түні ақшам намазынан кейін аяқталады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Азия-Тынық мұхиты аймағының биоэнергетикасы 2035 жылға қарай әлемдік қуаттың 55% -ын қамтамасыз етеді
■
Әлемдегі ірілігі жағынан екінші орындағы жылдам дайындалатын кеспе нарығы мұсылман елінде
■
Христиандар отбасы құндылығына “ауыр” соққы берілгеніне алаңдап отыр
■
Бір еуропалық елдің өзінде мұсылмандар саны ширек ғасырда екі есеге өскен
■
Тағам ішіндегі жеуге жарамды микролазерлер тамақ өнеркәсібін түбегейлі өзгертуге қабілетті