Самса туралы пәтуа шықты (видео)
Самса туралы пәтуа шықты (видео)
9 жыл бұрын 6959

Шиит имамы самса туралы ешкімнің ойына келмейтін әрі естен кетпейтін, «тарихи» маңызы зор пәтуа шығарды. Дәлірегі, самсаның пішініне қатысты пәтуа, яғни, үш бұрышты етіп әзірленген самсаны жемеуге кеңес берген. «Біздің дәрігерлердің айтуынша, үш бұрышты самсаның ішінде белгілі бір мөлшерде ауа қалып қояды. Мұндай самсаны жеген адамның ішуі кеуіп кетеді» деген ол жамағатына басқа пішіндегі, мәселен, төрт бұрышты немесе домалақ пішінді самсаны жеуге шақырды. Шейх осылай дей келе: «Үш бұрышты самсаны жеген адамның қарны үрленген футбол добына ұқсап кетеді»,- деп жамағатын бір қорқытып қойды. Оның сөзін ұйып тыңдаған жамағаты мұндай даналық кеңесті кеш білгендеріне сан соғып, күңірене күрсінді. Барлық мәселе шешіліп, енді осы самсаға тіреліп қалғандай еді күллі дүниенің проблемасы. 

3 пікір
  • біз жүрміз мыHа жақта бас қатырып тeрроризммeH қалай күрeсeміз дeп... олар жүр аHа жақта самса туралы пәтуа шығарып... бір кeм дүHиe
    9 жыл бұрын
  • )))))
    9 жыл бұрын
  • Бәлкім, алдағы уақытта бәліш, жаялық, итаяқ, т.б. туралы пәтуа шығарармыз... Неге осынша құлдырадық? Неге? Бұл күлетін емес, жылайтын нәрсе ғой, Көзіңнен қаныңды ағызып отырып жылайтын нәрсе ғой. Жаратқан ием, мұсылмандарға түйсік, сана бере гөр
    9 жыл бұрын
Мұрағат