Ажалы тақаса да Алланы емес, демократияны ойлап кетті
Ажалы тақаса да Алланы емес, демократияны ойлап кетті
9 жыл бұрын 3410

Америкалық Элейн Фидрих (Elaine Fydrych) есімді әйел ажал жастығына бас қояр алдында президенттікке үміткер Хиллари Клинтонға алдағы сайлауда дауыс бермеуді өсиет етіп кетті. Халыққа. Үстіміздегі жылдың тамыз айының 13-і күні бақиға аттанған Нью-Джерси штатына қарасты Камден елді-мекенінің 63 жастағы тұрғынының: «Менің мазарыма гүл әкелгенше, оның орнына Хиллари Клинтонға дауыс бермесеңіздер»,- деген өтінішке келіңкірейтін өсиеті New Jersey On-Line порталында жарық көріпті. Элейн Фидрих (үйленбей тұрғандағы тегі — Шумански (Szumanski) Пенсильвания штатына қарасты Филадельфия ауданындағы Ричмонд айлағында туып-өскен. 37 жыл тұрыс құрған, екі баланың анасы. Айта кетейік, АҚШ-та өтетін президент сайлауы келесі жылдың қыркүйек айының 8-і күніне белгіленіп отыр. АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонның жары әрі АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон осы сайлауға демократиялық партия атынан түседі. 

0 пікір
Мұрағат