Роботты робот құрастыратын зауыт ашылады
Роботты робот құрастыратын зауыт ашылады
6 жыл бұрын 6126 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайда роботты робот құрастыратын зауыт ашылғалы жатыр. Аталмыш зауытты электр құралдарынан бастап өнеркәсіп жабдықтарына дейін құрастыратын швейцариялық ABB компаниясы салады. Ерекше зауыт Шанхай қаласындағы робот техникасын жасайтын компания кампусы маңында тұрғызылады. Өйткені, Қытай АҚШ-тан кейінгі маңызды нарық болып отыр швейцариялықтар үшін бұл салада. Аталмыш жобаға қазірдің өзінде 150 млн доллар бөлініп қойды. Зауыттың аумағы шамамен 7 000 шаршы метрді құрамақ. Ол роботтардың адамдармен қатар ұмыс істеуіне мүмкіндік беретін арнайы бағдарламамен жабдықталады. Шағын деталдарды құрастыру жұмыстарына өткен жылы симфониялық оркестерге дирижерлік еткен YuMi роботы тартылады. Бұл зауытта құрастырылған роботтар тек Қытайда сатылып қоймай, сонымен қатар, Азия елдеріне экспортталады. ABB компаниясының өкілдері келтірген дерекке қарағанда, 2017 жылы әрбір үшінші робот Қытайға жөнелтілген. Жалпы алғанда, аталған ел 138 000 роботталған механизмге ие болған. Роботтарға деген сұраныстың артуына адам жалдау ақысының көтерілуі себеп болғанын айта кету керек. 

0 пікір
Мұрағат