Ресейде маман хафыздарды даярлайтын стандартты орталық құрылды
Ресейде маман хафыздарды даярлайтын стандартты орталық құрылды
3 жыл бұрын 2041 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресейде тұңғыш хафыздардың (қасиетті Құранды жатқа айтушылар) кәсіби қауымдастығы құрылды. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ассоциацияға мүфтияттағы Құран істері жөніндегі өкілдері мен хафыздар орталығының жетекшілері кірген. Тарқатып айтқанда, Ресейдің 12 аймағынан, атап айтқанда, Татарстан, Шешенстан, Дағыстан, Саратов, Иванов, Мордовия, Пенза, Пермь, Кемеров, Чувашия, Қарашай-Шеркес, Қырым дін қайраткерлері мүше болған. Бұл бастаманы РФ ислами білім беру жөніндегі кеңес көтерген екен, ал аталмыш орталықты Қазан қаласындағы Осман ибн Аффан атындағы Құран хафыздарын даярлау жөніндегі орталық директоры Әбдірашит Фаиз басқарады. Әбдірашит Фаиз аталған орталықтың алдағы мақсаты мен міндетін түсіндіре келе ресейлік хафыздарды даярлаудың бірыңғай стандартын әзірлейтінін, Құран ғылымын оқытудың әдістемесін дамытатынын, Құран оқудан байқау өткізудің бірыңғай жүйесін жасайтынын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат