|
Қызының туған күніне кокаин сыйламақ болды
|
Ұлыбританияның Мейдстондағы сотта "А" класына жататын есірткі затын сақтағаны үшін айыпталған Никола Остиннің ісі қаралды. Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 31-і күні Танбридж-Уэллс қаласына таяу маңдағы екі британдық тұрғынның үйіне полиция тінту жүргізген еді. Иісшіл ит олардың жатын бөлмесінен жалпы құны 300 доллар тұратын 6 грамдық кокаинды тауып алды. Остин бұл есірткі затын 18 жасқа толатын қызының туған күніне сатып алғанын айтып ақталды. Анасы кәмелет жасына толатын қызымен осы есірткіні тұтынып, көңіл көтермек болған екен. Бұрын да бұл әйел есірткі затымен қолға түскен болатын. Бұл жолы да ол жазадан оңай құтылып кетті. Ол сот шешімімен 250 сағат түзету жұмыстарын орындайтын болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
АІ агенттері бірін-бірі «сыртынан» көрсетіп бере алады – оларға «құпия желі» ашылды
■
Климат дағдарысы тағы бір пұт пен пұтқа табынушылардың пайда болуына ықпал етіп отыр
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды