Қызметкерлер стресінен әлем экономикасы триллиондаған доллар шығынға батуда
Қызметкерлер стресінен әлем экономикасы триллиондаған доллар шығынға батуда
3 жыл бұрын 1973 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қызметкерлердің стресінен жыл сайын әлем экономикасы 8,1 трлн доллардан айырылады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Gallup қоғамдық пікір институтының сайтына жөн сілтеген Tengrinews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. State of the Global Workplace зерттеу нәтижесі көрсеткендей, компанияның 10 қызметкерінің жетеуі жұмыс орнында эмоциялық қиындықтан зардап шегеді, ал 80 пайызы еңбек процесіне мүлдем тартылмаған. Осының кесірінен еңбек өнімділігі төмендеп, әлем экономикасы жыл сайын жалпы ішкі өнімнің тіпті 10 пайызына да жете алмайды. Сарапшылардың сөзіне қарағанда, соңғы он жыл қатарынан персоналдар арасындағы жағымсыз эмоция деңгейі тоқтаусыз артып келеді. Мәселен, өткен жылы әлем бойынша стрестен зардап шегетіндер қарасы рекордтық деңгейге жеткен. Бұл тарапта америкалықтар мен канадалықтардың стресс деңгейі тым жоғары болып шыққан. Аталған екі елдегі қызметкер әйелдердің 62 пайызы күн сайын стрестен зардап шегетінін жасырмаған. Бұл көрсеткіш ерлер арасында 52 пайызды құраған. Осылайша АҚШ пен Канаданың қызметкерлер арасындағы стрестен зардап шегушілер қарасы бойынша 2020 жылы екі пайыздық пунктке өсіп, 34 пайызға жеткен. Бұрынғы КСРО шекпенінен шыққан, дәлірегі, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдердегі қызметкерлердің бұл тараптағы көрсеткіші төмен болғанымен бизнестегі жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықтан стреске ұшырау көрсеткіші жоғары болып шыққан. ТМД-ға мүше басқа елдерді былай қойғанда, Қазақстандағы стреске ұшырау көрсеткіші 1 пайыздық пунктке көтеріліп, 25 пайызға жеткен – алпы әлем бойынша бұл көрсеткіш 20 пайызға тең. Күн сайын стресс алатынына қазақстандық қызметкерлердің 19 пайызы шағымданса, мазасы қашқандар қарасы 20 пайызға жеткен, ал уайымнан зардап шеккендер саны 15 пайызды құраған. Сарапшылар, сондай-ақ, тәжді тажал пандемиясының әлем экономикасына тигізген теріс әсерін де бағалаған екен. Белгілі болғандай, жұқпалы індетке байланысты шектеу шараларының кері әсерін әлем тұрғындарының 45 пайызы сезген. Әрбір екінші қызметкердың жалақысы қысқарған және осынша шамада жұмыс уақыты кеміген. Қызметкерлердің 53 пайызы жұмысын уақытша тоқтатқан, олардың үштен бірі жұмысынан мүлдем айырылған. Осынау ауқымды зерттеу аясында Gallup-тың аймақтық командалары 2021 ылдың наурыз айына дейін әлемнің 116 елінде сауалнама жүргізген, сауалнама жүргізілген әр елде немеме аймақта сауалнамаға кем дегенде 1000 адам тартылған. Осы орайда өткен жылы әлем бойынша еңбек мигрнаттарына ең тартымды елдер бойынша Канада көш бастаған. Бұл тарапта аталған ел АҚШ-ты екінші орынға ысырған. Ал ұмыс аптасы ең қысқа ел ретінде Нидерланды аталып отыр. 

0 пікір
Мұрағат