|
Қытайда әр бес күн сайын бір миллиардер пайда болады
|
2016 жылы әлемдегі миллиардерлердің жалпы байлығы 17 пайызға көбейді. Соңғы уақытта байлыққа қол жеткізген адамдардың басым бөлігі Үндістан мен Қытайда өмір сүреді деп хабарлайды Rb.ru сайты.
Rb.ru-дің мәлімдеуінше, 2016 жылы Қытайдағы миллиардерлердің саны 67 адамға көбейген. UBS және PwC агенттіктерінің қазан айындағы есебі бойынша Қытайда әр бес күн сайын жаңа бір миллиардер пайда болады.
Агенттік Қытайдағы дәулетті адамдардың көбеюіне жылжымайтын мүлік бағасының өсуін, шикізат өнімдеріне тиімді бағалардың болуымен түсіндіреді.
Қытайда алғаш рет АҚШ-ты миллиардерлер саны бойынша (647-ге 538) басып озды. UBS пен PwC-тің есебі бойынша, бұл көрсеткіш алдағы төрт-бес жылда бірнеше есе өседі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды