Қытай жобасы Африканың түбіне жетуі мүмкін
Қытай жобасы Африканың түбіне жетуі мүмкін
3 жыл бұрын 2606 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме. Фото: Nellie Peyton

Атлант мұхитының жағалауындағы африкалық тропикаға экологиялық қауіп төніп тұр. Дәлірегі, жергілікті флора мен фаунаға қытайдың балық өңдейтін зауыт құрылысы тікелей қатер төндіріп тұр. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сьерра-Леоне билігімен бұл тараптағы мәміле қытай кәсіпкерлері үшін бар-жоғы 55 млн долларға түскен, есесіне, қытай «шексіз» пайдаға қол жеткізіп отыр. Ол ештеңе емес-ау, жергілікті қоршаған орта орасан зор апатқа ұшырауы мүмкін. Олай дейтініміз, қытай жобасы бұл аймақтағы аумақ 100 гектар тропикалық территорияны қамтиды әрі жойылу алдында тұрған, қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін жануарлар мекендейтін ұлттық паркпен шектесіп жатыр. Соның ішінде, кесірткенің бірнеше түрі мен дукер бөкені, сондай-ақ, жағалау маңында жүзіп жүретін киттер мен дельфиндер жойылып кетуі ықтимал. Бұдан бөлек, қытайдың балық өңдеу зауыты жергілікті балық шаруашылығын ақсатып кетпек. Аталмыш жағалау бөлігінде ауланатын теңіз өнімдері мен балық түрлері ішкі нарықтың 70 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Аталған ел билігінің қытай тұзағына қалай түсіп қалғаны белгісіз, белгілісі – осынау африкалық елдердің тоналуына, экологиясының бұзылуына «даңғыл» жол ашылды. Биліктің қателігі мен жемқорлығынан осындай арзан мәмілеге қол қойылған шығар... Қытайдың балық өңдеу зауытының құрылысы Африка қоғамында дүрбелең  тудырып отыр. Бұл дүрбелеңді басу үшін аталған ел билігі қытай жобасынан зардап шеккен жергілікті балықшыларға мемлекет қазынасынан 950 мың фунт стерлинг (1,34 млн доллар) өтемақы бөліп, мәселені жылы жауып қойғысы келеді. Құқықтық зерттеу және құқық қорғау институты (Institute for Legal Research and Advocacy for Justice, (ILRAJ) мен Namati Sierra Leone заң ұйымы Сьерра-Леоне билігінен қытай обасының экологиялық және әлеуметтік сараптамасына қатысты құжатты талап етіп отыр. Әлемдік мұхит жаһандық экологияның ең осал жері, ондағы ресурс, соның ішінде теңіз фаунасы мен флорасы үшін маңызды коралл рифі судың жылынуы мен ластануынан жойылудың алдында тұр, бұдан бөлек, климат өзгерісінен теңіз жануарларының популяциясы кеміп барады.

Ұқсас материал:

«Қытай барлық дамыған елдерді қоса алғандағы мөлшерден артық атмосфераны ластап отыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-barlyq-damygan-elderdi-qosa-algandagy-molsherden-artyq-atmosferany-lastap-otyr-15193/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат