Қытай билігі елден қашқан жемқорлардың соңына шындап түсті
Қытай билігі елден қашқан жемқорлардың соңына шындап түсті
9 жыл бұрын 2859 Лина Цзихуа

Қытай билігі  Лина Ваньчэн (Ling Wancheng) есімді кезінде әлемге әйгілі мемлекеттік «Синьхуа» ақпарат агенттігінің басшылық қызметінде болған, кейін бизнеске ауысып кеткен тұлғаны қолға түсіру операциясын бастап кетті. Оған Қытай Халық Республикасының бұрынғы төрағасы Ху Цзиньтаоның  кеңесшісі болып қызмет атқарған, қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық бойынша айып тағылған ағасы Лин Цзихуаға пара берді деген күдік келтіріліп отыр. Бұл жайында BBC News ақпарат көзі хабар таратты. Лина Ваньчэннің өзі 2013 немесе 2014 жылдан бері АҚШ-та тұрып жатыр. Айта кетейік, шенеуніктер коррупциясы Қытай экономикасына айтарлықтай нұқсан келтіруде. Сәуір айында Қытай билігі шетелге қашқан жемқорларды елге қайтаруды көздейтін  Sky Net деп аталатын науқанды бастаған болатын. Өткен жылдан бері пара алды деген айып тағылған 930-дан аса қытай елге қайтарылды. Шілде айында Лина Цзихуа коррупцияға шатылды деп айыпталып, барлық мемлекеттік лауазымды қызметінен шеттетілді және Коммунистік партия қатарынан шығарылды. Үстінен қылмыстық іс қозғалмай тұрғанда ол Бүкіл қытайлық халық комитетінің саяси консультативтік кеңесінің төрағасының орынбасары әрі Компартия Орталық комиетінің біртұтас майданының бөлім бастығы болып қызмет атқарған. 2014 жылдың желтоқсан айында оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол мемлекет басшысының сенімді тұлғасы саналған еді. Оның мансап жолы 2012 жылы кесілді. Құны бір млн доллар тұратын Ferrari 458 Spider көлігінің тізгінін ұстаған ұлы Лин Гу Бейжің қаласында апатқа ұшырап, 23 жасында қыршынынан қиылды. 

0 пікір
Мұрағат