Индонезия 34 браконьерлік кемені суға батырды
Индонезия 34 браконьерлік кемені суға батырды
9 жыл бұрын 3391

Индонезия билігі сейсенбіде мұсылман елінің аумағына кіретін теңіз территориясында браконьерлік әрекеті үшін кәмпескеленген балық аулауға арналған шетелдік 34 кемені суға батырды. Айта кетейік, мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Индонезия президентінің браконьерлікке қарсы күресті күшейту жарлығынан кейін елдің әскери теңіз күштері осыдан үш ай бұрын браконьерлікпен айналысқан шетелдік 60 кемені жойған болатын. Осы жолы браконьерлік әрекеті үшін Малайзияның, Вьетнамның, Таиландтың және Филиппиннің балық аулайтын кемелері суға батырылған. Бұған қоса, Индонезияның тіркеуден өтпеген, яғни, балық аулауға арнайы рұқсаты жоқ 4 кемесі де жойылды. Бұрын кемені суға батыру динамиттің көмегімен жүзеге асырылатын еді. Экологтардың динамиттің қоршаған ортаға тигізетін зиянын айтып, дабыл қағып, сынға алғанынан кейін кемелерді бүйірін тесіп суға батыратын болған.  Индонезияның су аумағында жылына шамамен 5 400браконьерлік кеме жүзіп жүреді. 

0 пікір
Мұрағат