Құм тапшылығынан құтқаратын материал
Құм тапшылығынан құтқаратын материал
3 жыл бұрын 1559 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан 4 ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Әлемге құм тапшылығы төніп келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemge-qum-tapshylygy-tonip-keledi-14926/#gsc.tab=0) материалымызда құрылысқа қажетті  әрі қадірі төмен ресурсқа жылдан жылға сұраныс артып келе жатқанын жазғанбыз әрі әлем бойынша таяу болашақта құм тапшылығы артапас, кемімейтінін де сөз еткенбіз. Құрылыс саласындағы құм тапшылығының алдын алу әрі қоршаған орта зиян шекпеуі үшін бұл проблемаларды пластик есебінен шешуге талпынып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы «Би-би-си» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұлыбританиядағы Кембридж университетінің ғалымдары бетон құюда пайдаланылатын табиғи шикізатты пластиктің алмастыра алатынын алға тартып отыр. Тстистикалық мәлімет бойынша жыл сайын әлемдік құрылыс секторына шамамен 50 млрд тонна құм кетеді екен. Көбінесе аталған шикізатты өзен жағалауынан алатындықтан қоршаған орта мен су экологиялық жүйесіне орасан зор залал келіп жатады. Қазірдің өзінде Үндістанда, Камбоджада және Вьетнамда өзеннен құм алуға ішінара шектеу қойған немесе мүлдем тыйым салған. Джон Орр (John Orr) есімді Кембридж университетінің маманы пластикті пайдалану арзанға түсетінін де алға тартып отыр. Құмға қарағанда пластик бетонды берік ете алмайды, десе де құм тапшылығын болдырмаудың жалғыз жолы осы пластикте болып тұр. Мәселен, Үндістанда палстик құрылыста пайдаланылса, жылына 820 тонна құмды үнмедеуге мүмкіндік береді екен. Осы тұста айта кетейік, пластикті өңдеу, қайыра кәдеге жарату адамзат өркениетінің ең бір елеулі етістігі ретінде саналуы тиіс.

0 пікір
Мұрағат