Пастор мешітті жөндеуден өткізді
Пастор мешітті жөндеуден өткізді
3 жыл бұрын 1307 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бүгінде АҚШ-тың Миннесотта штатында тұратын Алаби есімді нигериялық пастор Нигерияның Осун штаты аумағында орналасқан Икирдегі ескі мешітті күрделі жөндеуден өткізіп, сауапты іс атқарды. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның мұндай қадамға баруына балалық шағының бір бөлігінің осы мешітте мұсылман балалармен бірге өткізгендігі себеп болған. «Мен Икирдегі жамағат арасында өстім. Ол кезде дін біздің қатынасымызға әсерін тигізген жоқ болатын. Христиандар мұсылмандардың діни мейрамдарына белсене атсалысатын кездер еді. Мұсылмандар мен христиандар мешітте немесе шіркеуде бірге ойнап, саараны (мешітке садақа ретінде әкелінетін азық) теңдей бөлісіп жейтін кездер еді», - деп тебірене еске алды пастор. Икирдегі бас имам Алқажы Жүніс пасторға алғыс айта келе оны өзгелерге үлгі ететінін жария етті. Нигерия Африканың күллі батыс аймағы бойынша мұсылмандар қарасы ең көп шоғырланған ел. CIA Factbook есебі бойынша нигериялықтардың 50%-ы мұсылмандардан тұрады.

 

0 пікір
Мұрағат