Пәкістан мұсылмандары полиомелитке қарсы екпе ектіруден неге бас тартып отыр?
Пәкістан мұсылмандары полиомелитке қарсы екпе ектіруден неге бас тартып отыр?
10 жыл бұрын 2741

17 жастағы Мұхаммед Аслам, міне, 12 жылдың жүзі болды, тігінші болып жұмыс істейді. Ер адамдардың киімін тігіп, айына орташа есеппен алғанда 20 доллар табыс табатын көрінеді. Өзге жұмыспен айналысуға полимелиттен баса алмай қалған сол аяғы мүмкіндік бермейді. Бұл елде соңғы 25 жылда әлем бойынша полимелит дертінен зардап шегетіндердің қарасы 99 пайызға азайған болатын. Алайда, Пәкістанда керісінше жағдай орын алып отыр – биылдың өзінде осы сырқатты 166 адамның жұқтырғаны анықталды. Салыстыру үшін айта кетсек, Ауғанстанда бұл көрсеткіш – 10 адам, ал Нигерияда – 6 адам жұқтырған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және екпе егумен айналысатын өзге де медициналық ұйымдар Пәкістан тұрғындарын осы жұқпалы аурудан арашалауға дәрменсіздік танытып отыр. Өйткені, халықтың дені сауатсыз болғандықтан қайдағы жоқ соқыр сенімнің жетегінде екпе ектіруден үзілді-кесілді бас тартып отыр. Олардың ойынша, екпе ектіру батыс елдерінің оңтүстік Азиядағы мұсылмандарға жасап жатқан қастықтарының бірі болып табылады. «Бізде, әсіресе, пуштундар тұратын аудандарда екпе егетін дәрігерлер келгенде оларды атып тастайды».

0 пікір
Мұрағат