Өзгеше көрме өтуде
Өзгеше көрме өтуде
10 жыл бұрын 3328

Кеше, яғни, қазан айының 1-і күні Қазан қаласында «Мұхаммед пайғамбар (Алланың сәлемі мен иглігі жаусын) түркі халықтарының әдебиеті мен өнерінде» деген тақырыппен өзгеше көрме есігін айқара ашты. Оның өзгешелігі сонда, бұл көрмеде түркі мұсылмандары үшін Екі әлем сардарының (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) қандай маңызды тұлға екенінен және түрлі кезеңдерде Ардақты елшінің (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) қадір-қасиетін қалай түсінгенінен сыр шертеді. Түркі халықтарының дені ислам дінін VIII-IX ғасырларда қабылдаған. Осы аралықта және бүгінгі күнге дейін түркі мұсылмандарының әдебиеті мен өнерінде Адамзаттың асыл тәжінің (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) бейнесін сомдауда араб және парсыларға қарағанда өзіндік стилі пайда болды, арабтардың каллиграфиялық өнерінің негізінде нәзік айырмашылықтары бар өз қолтаңбасы қалыптасты. Көрмеге қойылған өнер туындылары «Қазан кремілі» деп аталатын мемлекеттік тарихи-сәулет және көркем мұражай қорығынан, этнографиялық мұражайдан және т.б. мәдени кешендерден алынған.

0 пікір
Мұрағат