|
Өздері қазған орға өздері құлады (видео)
|
Сауд арабиясында террористік әрекетімен көзге түсіп, іздеуде жүрген содыр өздеріне тиесілі жарылғыш заттың жарылуынан өлді. Бұл жағдай Саудия шығысында орын тепкен әл-Катиф қаласында болды. Хабарға қарағанда, содырлар бомба мен оқ-дәріні қала маңындағы әл-Абамия елді-мекеніне әкеле жатқан кезде жарылған. Куәгерлер таспаға тартып алған екен: жарылыстан соң атыс орын алған, яғни, өзге көлікте отырған тәртіп сақшыларымен атысқан. Содырлардың кейібіреуі қашып, із суытып үлгерген. Оларға іздеу жарияланды. Бұл оқиға жайында Сауд Арабиясының ішкі істер министрлігі әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
1985 жылдан бері Азияның бір елінде жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы дүниеге келген балалардың саны 1 миллионнан асты
■
Қазақстанда алғашқы цифрлы банк құрылуы мүмкін
■
Аса қажеті жоқ бұйымдарды сатып алудан (көрсеқызарлықтан) тыятын қолданба пайда болды
■
Бионикалық қолды сүйекке және жүйке жүйесіне жалғады
■
Адамзатқа төнген 17 қауіптің арасында аталған семіздік індетін анықтаудың жаңа тәсілі енгізіледі