Өз қағбасы пайда болды
Өз қағбасы пайда болды
9 жыл бұрын 5266

Жексенбіде ғұламалар Сомали астанасында тұрғызылған қасиетті Қағбаның шағын көшірмесінде бірыңғайда жаттығуға келетін -  қажылық рәсімдерін үйрету шарасын өткізді. Кейін жолдары түсіп, қасиетті сапарға аттана қалған жағдайда қапы қалмасы үшін. Осы мақсатта мұсылмандарды бесінші парыз рәсімдеріне ерте бастан үйретіп қоюды жөн көрген.

 

ҚАЖЫЛАРҒА КӨМЕК РЕТІНДЕ АРНАЙЫ САЙТ АШЫЛДЫ

Сауд Арабиясында Қажылық министрлігінің бастамасымен қажыларға көмек ретінде www.haj.gov.sa ресми сайты ашылды. Бұл жайында e-islam.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Бұл сайттан қажылар өздеріне қажетті қажылық маусымында жасалар рәсімдер туралы барлық мағлұматты таба алады. Жеті тілде қызмет көрсететін сайтқа ұялы телефон арқылы да  кіруге болады. Осы арқылы көрсетілетін қызметтер тізімі мен жатын қонақ үйді алдын ала таңдап қою мүмкіндіктері де қарастырылған. 

 

Қажылық үшін миллион доллардан бас тартты

islam-orkeniet.kz ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, Американдық Ұлттық Футбол лигасының (NFL) ойыншылары, ағайынды Хусейн мен Хамза Абдуллалар өз еріктерімен таяуда өтетін бір жарысты ұйымдастырушылар ұсынған миллион доллардан бас тартып, қажылық жасау үшін демалыс алды. Олардың айтуынша, қажылыққа рухани қажет-тіліктен бөлек, американдықтарға Исламды, мұсылмандардың төзімділігін насихаттау мақсатымен бара жатыр. 27 жасар Хусейн жергілікті NBC телеарнасына берген сұхбатында ағасы екеуі бала күнінен футболмен айналысып келе жатқанын айтқан. «Алайда футболдан да маңызды нәрселер бар. Ол рухани қажеттілік. Сондықтан біз мұсылмандық парызымызды өтеуді жөн санадық», – дейді ағайынды футболшылар. Бүгінгі таңда құлқынның құлы болып, құлшылықты кейінге қалдырып жүрген кейбір жандар үшін Хусейн мен Хамзаның бұл әрекеті үлгі тұтарлық іс екені сөзсіз.

0 пікір
Мұрағат