«Ақ террористер» мұсылмандарды радиациямен қырмақ болған
«Ақ террористер» мұсылмандарды радиациямен қырмақ болған
9 жыл бұрын 3090 Глендон Кроуфорд

Нью-Йорк штатына қарасты Олбани қаласындағы округтық сот жоспарлары іске аспаған, мешітте теракті жасамақ болғандардың ісін қарастырып жатыр. Ку-клукс-клан (АҚШ-тағы ақ нәсілділерді басқа нәсілділерден жоғары қоятын ультраоңшыл ұйым) мүшелері Глендон Кроуфорд пен оның сыбайласы  Эрик Фейт 2013 жылы тұтқындалған болатын. Оларға жаппай қырып-жоятын қаруды пайдаланып, мешіт пен медреселерде лаңкестік әрекеттерге бармақ болған деген айып тағылған еді. Қылмыскерлер мұсылмандарды жою мақсатында радиацияны тарататын элементтерден және өнеркәсіптік рентген аппаратынан тұратын қашықтан басқару құрылғысын жасап шығарды. Бұл жайында IslamNews ақпарат көзі Reuters ресурсына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Сондай-ақ, олар өздерінің арам мақсаттарын жүзеге асыруға жергілікті иудейлерді де тартпақ болған. Глендон Кроуфорд раввин Родни Маргулисті азғырған. Раввин өз кезегінде полицияға хабарласады. Қаскүнемдерді Федералды тергеу бюросы тұтқындады. Ендігі жерде исламофобтар он жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот шешімі әлі шыққан жоқ. 

0 пікір
Мұрағат