Өткен жылы Ауғанстанда қарулы қақтығыстардың құрбаны болған бейбіт тұрғындардың саны айтылды
Өткен жылы Ауғанстанда қарулы қақтығыстардың құрбаны болған бейбіт тұрғындардың саны айтылды
3 жыл бұрын 1751 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

2020 жылы Ауғанстанда 2020 жылы 3035 бейбіт тұрғын жауласушы жақтардың қаңғыған оқтары мен шабуылынан және қастық жарылыстан опат болған, 5785 адам түрлі деңгейде жарақат алып, кейбіреуі кемтар болып қалған. Бұл жайында islam.kz порталы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстан жөніндегі миссиясы (UNAMA) келтірген дерекке сілтеме  жасай отырып мәлім етеді. Ең сорақысы, қаза болған бейбіт тұрғындардың 45-ы тікелей шабуылдан көз жұмған. Олардың 43 пайызы әйелдер мен балалар. Шабуыл жасағандардың 46 пайызына тәліптер қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым – ред.) жауапты, 8 пайызын Сирия мен Шаам жерінде соғысып келген содырлар (Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік топ – ред.) «еншісінде», 24 пайызы – үкімет күштеріне «тиесілі». UNAMA, міне, осымен жетінші жыл қарулы қақтығыстан құрбан болған  ауғандардың мәліметін жинап, жариялап келе жатқанына. Аталмыш ұйым дерегіне сай жыл сайын орташа есеппен 3 мыңнан аса бейбіт тұрғын қырылады.

0 пікір
Мұрағат