Орман жаңғағы қыруар табыс көзіне айналды
Орман жаңғағы қыруар табыс көзіне айналды
13 күн бұрын 532 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркия аумағында өсетін орман жаңғағының (фундук) алғашқы жарты жылдықтағы экспорты 1 млрд 38 млн доллар пайда әкелген. Яғни, 2021 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында түрік жаңғағының 148 526 тоннасы шетелге сатылып, осынша кіріс кіргізген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Түркияның шығыс Қаратеңіз аймағының эксмпорттаушылар қауымдастығы (DKİB) келтірген дерекке жөн сілтеген aa.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал бұл көрсеткіш өткен жылы 909 млн 503 мың доллардан (142 081 тонна) аспаған еді. Бүгінде Түркияда өсетін орман жаңғағын әлемнің 120 елі тұтынады. Алайда, бұл жаңғақты Түркиядан импорттауда үш ел көш бастап тұр: Германия, Италия және Франция. Тарқатып айтсақ, Германия түрік жаңғағын 224 млн 407 мың долларға, Италия 217 млн 578 долларға, ал Франция 94 млн 222 мың долларға импорттаған. Жалпы әлемдік орман жаңғағының өндірісіндегі Түркияның үлесі 70%-дан асады, ал орман жаңғағын экспорттаудағы үлесі 75%-ды құрап отыр. Орман жаңғағының сауда-саттығының қалған 25%-ы Италия, Әзірбайжан, АҚШ, Чили, Грузия және Иранға тиесілі. Жоғарыда айтып өткеніміздей, түркиялық орман жаңғағын негізінен еуропалық елдер тұтынады, түріктерден Еуропаға импортталатын орман жаңғағының 80%ы кондитерлік өнімдер өндірісінде қолданылады. Мәселен, Италияның «Ферреро» (Ferrero Group) компаниясы түріктердің орман жаңғағының үштен бірін түп көтере сатып алады да оны әлемге әйгілі брендеке айналған Nutella пастасының өндірісіне пайдаланады. Бұдан бөлек, соңғы жылдары орман жаңғағын Мексика, Нидерланды, Тунис, Польша, Италия, Румыния, Бразилия және Ресей сынды елдер де өз аумағында өсіре бастады.

Ұқсас материал:

«Қолмен шағуға болатын жаңғақ тұқымы алынды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qolmen-shaguga-bolatyn-jangaq-tuqymy-alyndy-15482/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат