|
Өлген адаммен билеп қоштасатындар мәйіттен неге қашты (видео)
|
Африкалық елде, яғни, Ганада өлген адамды ақтық сапарға билеп шығарып салатын дәстүр бар. Күні кеше Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған видеода зіңгіттей төрт ер адамның зілдей табытты құлатып алғаны көрсетілген. Бақилық болған адам жатқан шатырдан табытты көтеріп, шырқалған әннің ырғағына қарай билеп шыққан олар абайсызда табытты құлатып алды. Табыттың қақпағы ашылып, мәйіт жерге құлайды. Табытты көтеріп шыққан ер адамдардың мәйіттен қорқып, қобалжып қашқанын олардың видеодағы әрекетінен байқай аласыз. Біреуі басын ұстаса, енді біреуі қолын сілтейді. Тағы біреуі құлаған табыттың жанында жерге отыра кетеді. Бұл жайында The Pulse ақпарат көзі хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды