|
Мына жұқпалы індеттен бөлек келесі, ықтимал пандемияның ошағы аталды
|
Амазония мен Латын Америкасындағы ит тұмсығы батпайтын ну жынысы, яғни, тропикалық орман-тоғайы келесі пандемияның ошағына айналуы мүмкін. Бұл қорқыту емес, оның алдын алу үшін жасалған ескерту. Бұл жайында бразилиялық эколог Дэвид Лапола мәлім етті. Табиғат жанашарының сөзіне қарағанда, Амазониядағы тұнығы лайлана бастаған тұмса табиғатқа адамзаттың тигізер залалы мен зардабы жылдан жылға артып келеді. Ағаштар оталып, ондағы жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасы тарылып келеді. Аталған аймақта қарқынды жүріп жатқан урбанизация процесіның адамзаттың өзіне қатер төндіреді. Жабайы жануарлардан осы уақытқа дейін белгісіз болып келген жұқпалы індет бас көтеруі мүмкін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
1985 жылдан бері Азияның бір елінде жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы дүниеге келген балалардың саны 1 миллионнан асты
■
Қазақстанда алғашқы цифрлы банк құрылуы мүмкін
■
Аса қажеті жоқ бұйымдарды сатып алудан (көрсеқызарлықтан) тыятын қолданба пайда болды
■
Бионикалық қолды сүйекке және жүйке жүйесіне жалғады
■
Адамзатқа төнген 17 қауіптің арасында аталған семіздік індетін анықтаудың жаңа тәсілі енгізіледі