Мұсылмандардың тағы бір бауырластар зираты табылды
Мұсылмандардың тағы бір бауырластар зираты табылды
10 жыл бұрын 3835

Сербияның әскери қылмыстық істер жөніндегі прокуратурасының мәлімдеуінше, 1998-99 жылдары орын алған жанжал кезінде өлтірілген 250-ге жуық косовалық албан жерленген мұсылмандардың тағы бір бауырластар зираты табылды. Прокурордың сөзіне қарағанда, мұндай ақпарат Косовадағы Еуродақтың полиция қызметкерлеріне келіп түскен. Осыған байланысты Сербия билігі аталмыш бауырластар зиратына өз тергеушілерін аттандырды. Бұл бауырластар зираты Косова шекарасы маңындағы Рашка елді-мекенінен табылды. Осыдан 13 жыл бұры, дәлірегі, 2001 жылы Сербияның бірнеше ауданынан мұсылмандар жаппай жерленген бауырластардың зираты табылған болатын. Бұл зираттарда геноцид құрбаны болған 800-ден аса косовалық албандар жерленген. Сөз арасында айта кету керек, Сербия билігі Косованың тәуелсіздігін әлі күнге мойындаған емес. 

0 пікір
Мұрағат