|
Микробтарға арналған интерактивті хайуанаттар бағы ашылды
|
Амстердам қаласындағы Artis хайуанаттар бағында микробтарға арналған иетрактивті хайуанаттар бағы ашлды. Аталмыш хайуанаттар бағы зертханаға ұқсайды. Адамдар үлкен экраннан микро тіршілік иелеріні яғни, бактериялардың тіршілігін тамашалай алады. Сонымен қатар, бүгінгі таңда әлем жұртшылығын әбігерге салған Эбола вирусының да алып үлгісін тамашалауға болады. Бұған қоса, арнайы сканер адамдарға оның денесінде қанша микроб барын да айтып береді. «Микробтар барлық нәрседе бар. Сол себепті, микробиология экономиканың әр саласына қажет – денсаулық сақтау, тағам өнеркәсібі, құрылыс, мұнай саласы, дәрі-дәрмекте кездеседі. Біздің мақсат адамдарға табиғатта бәрі бір-бірімен байланысты екенін, микробтар осынау байланыста маңызды рөл атқаратынын көрсетуде жатыр», - деді Микропии директоры Хэйг Балян (Haig Balian).
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды