Коми мұсылмандары 23 сағат ораза ұстайды
Коми мұсылмандары 23 сағат ораза ұстайды
9 жыл бұрын 4690

Кейбір мұсылмандарға 21 сағат бойы (Ресей Федерациясындағы оразаның орташа ұзақтығы) ауыз бекіту ауыр тиеді. Осы елдің кей аймағында, мәселен, Комиде мұсылмандар, бір сағатты қоспағанда тәулік бойы, яғни, 23 сағат ораза ұстауға мәжбүр болып отыр. Алайда, жергілікті мұсылмандар мойыған емес. Яғни, Коми мұсылмандары осы бір сағаттың ішінде ауызашарын жасап, сәресін ішіп үлгеруі керек. Бұған қоса, тарауық намазын оқып үлгеруі тиіс. «IslamNews» ақпарат агенттігінің тілшісіне Коми мұсылмандар діни басқармасының жетекшісі Уәлиахмет Ғаязов баяндағандай, фиқһ ғұламалары мен мүфтият жергілікті мұсылмандарға Мекке уақыты бойынша ораза ұстауға рұқсат беретін пәтуа шығарған. Бұл пәтуа тек осы республикада ғана жарамды. Десе де, тақуа мұсылмандар 23 сағат бойы ораза ұстауда. Мүфтият та оларға түсіністікпен қарап отыр.

1 пікір
Мұрағат