Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? (видео)
Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? (видео)
9 жыл бұрын 3988

Мысырдың Гиза елді-мекеніндегі «әл-Ашаш» орамын үйіндінің ортасында өмір сүріп жатқандардан тазалау операциясы  кезінде тәртіп сақшылары мен тұрғындар қақтығысып қалды. Басқа амалы қалмаған тұрғындар баланы алдыға салған. Яғни, күштік құрылым жасақтары нәрестені көргенде райларынан қайтар деген дәмемен баланы өздерімен бірге ала шыққан. Десе де бала тұрмақ ересектердің өзіне қатерлі қақтығысқа баланы араластырғанын ашынғаны деп түсіндік. Бұл қақтығыс сейсенбіде орын алған еді. Жергілікті тұрғын күштік құрылымдарына көзден жас ағызатын газды қолданудың арты баланың өміріне қауіп төндіретінін осы әрекетімен ұқтырғысы келген болуы керек. Алайда, арнайы жасақ баланы көтеріп шыққан ер адамның өзіне тап берді. Онымен қоймай, баланы дубинкадан қорғамақ болған егде әйелге де тап берген болатын. 

0 пікір
Мұрағат