Мәйітті сою – мәйітті қорлау ма?
Мәйітті сою – мәйітті қорлау ма?
9 жыл бұрын 3395

Алтай өңірінің есімі елге белгілі дін қайраткері Сержан Сватов (имам Сейфолла) Қос-Ағаштағы имамдық қызметінен кеткеннен кейін жерлестерінің қолқалауымен өлік жөнелту секілді діни ғұрыптарды орындауды талап ететін іс-шаралардан қалған емес. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салғаннан кейін одан көбіне мәйітті сойдырмаудың қандай амалы барын сұрап жатады. «Бұл үлкен түйткілді мәселе, әсіресе, біздің аудан үшін. Өйткені, Қос-Ағаш тұрғындары мәйітті сойдыру үшін (патологоанат келе алмаған жағдайда) 250 шақырым қашық жатқан көршілес ап кейін бізді қой сияқты сойғанын қаламаймыз. Бұл Жаратқанның қалауына қайшы. Бұған қоса, мәйітті ары-бері алып жүруге 3-4 күнің кетіп қалады. Ал мәйітті дүниеден озған күні жерлеген абзал дініміз бойынша. Алайда, «Жерлеу және жерлеу істері туралы» заңнан тағы аттап кете алмаймыз. Бақиға аттанған адамның жазбаша өсиеті болмаса, мәйітті союға тура келеді»,- деп жауап берер еді ол. Оның айтуынша, қайтыс болған адамның туыстары да бас дәрігердің атына мәйітті соймау турасында өтініш жаза алады. Алайда, бұл іске аса бермейді, Ең дұрысы – нотариалды тұрғыдан бекіттіріп алу жазбаша өсиетті. Алайда, жан тәсілім етейін деп жатқан адам мұны ойлауға мұршасы болмайды. Адам баласы түптің түбінде ана дүниеге аттанатындықтан, ерте бастан қамданып, әлгіндей өсиетті көзі тірісінде жазып, нотариаттық тұрғыдан бекеттіріп кеткені жөн. 

0 пікір
Мұрағат