Кәмелет жасына толмағандарға некелесуге тыйым салынды
Кәмелет жасына толмағандарға некелесуге тыйым салынды
7 жыл бұрын 3072 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Индонезияның мұсылман әйелдерінің алғашқы конгресі жасы 18-ге толмаған бойжеткендерге тұрмысқа шығуға тыйым салатын шешім қабылдады. Олар ел билігінен қыздардың некеге тұру жасын 16-дан 18-ге көтеруді талап етті. Конгреске жиналған әйелдер ерте тұрмысқа шыққандардың жартысының ажырасып жататынын алға тартып отыр. Айта кету керек, әлем бойынша мұсылмандар ең көп әрі тығыз шоғырланған ел (2010 жылғы санақ нәтижесі бойынша он тұрғынның тоғызы өзін мұсылман санайды). Кәмелет жасына толмағандар некесі бойынша әлемде алдыңғы орынға шыққан санаулы мемлекеттердің бірі. Нақтырақ айтқанда, аталған елде әрбір төртінші бойжеткен кәмелет жасына жетпей тұрмысқа шыққан. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы балалар құқығын қорғайтын ЮНИСЕФ ұйымы келтірген мәлімет. 

0 пікір
Мұрағат