Жасанды зерденің қолданылу аясына шектеу енгізіліп, кей салаларда пайдаланылуына толық тыйым салады
Жасанды зерденің қолданылу аясына шектеу енгізіліп, кей салаларда пайдаланылуына толық тыйым салады
3 жыл бұрын 2098 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Еуропалық одақ адам құқығына нұқсан келтіру қаупі болғаны үшін жасанды зердені пайдалануды реттейтін қатаң ереже жобасын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы rezonans.asia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы ереже талаптарына байланысты компаниялар мен үкімет жасанды зердені өз қалауынша пайдалана алмайды. Аталмыш ереже жобасында ұшқышсыз басқарылатын автокөліктен банк несиесіне, емтиханда баға қоюға дейінгі барлық сала мен қызметте жасанды зерде технологиясын шектеу қарастырылған. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары мен сот жүйесінде де аталмыш технологияны пайдалану шектелмек. Жасанды зерденің кей жүйелері, мәселен, қоғамдық орындарда адам жүзін тану жүйесін қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бөлек өзге мақсаттарда пайдалануға толық тыйым салынады. Аталған ережені елемегендер, яғни, ереже талаптарын бұзған компанияларға компанияның бір жылдағы әлемдік айналымынан 6% мөлшерінде айыппұл салынады. Жасанды зердемен жабдықтайтын компаниялар реттеуші органға оның қауіпсіздігіне кепілдік беріп, технологияның қалай шешім қабылдайтынын түсіндіретін құжатын қоса өткізуі тиіс. Бұдан бөлек, оны адам басқара алатынына кепілдік беруі тиіс.

0 пікір
Мұрағат