Киборг тарақандар пайда болды (видео)
Киборг тарақандар пайда болды (видео)
13 күн бұрын 788 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Киборг жәндіктер болашақта табиғи апат кезінде адамдарды іздестіру әрі құтқару жұмыстарында пайдаланылуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы The Independent ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сингапурдың Наниан технологиялық университетінің ғалымдары іздестіру-құтқару жұмыстарына көмектесуге қабілетті киборг тарақандарын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл бағыттағы тәжірибе шағын компьютерлік рюкзактармен жабдықталған Мадагаскардың ысқыратын тарақандары арқылы жүргізілді. Бұл құрылғылар электродтар арқылы жәндіктерді бақылауға мүмкіндік берді, оларды табиғи апаттар кезінде адамдарды іздеу үшін қол жетпейтін жерлерге бағыттады. Сынақ кезінде киборг тарақандар бір-біріне көмектесу арқылы кедергілерді еңсеріп, тосқауылдарды айналып өтіп, оң нәтиже көрсетті. Аталмыш жаңалық биологиялық организмдер мен роботтық жүйелердің симбиозына (ұштасуына) негізделген, бұл жайт өз кезегінде жоғалғғандарды дербес іздеу және құтқару топтарын құрудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Болашақта мұндай командалар табиғи апаттар кезінде адам өмірін сақтап қалудың маңызды құралына айналуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат