Түркия тыңшылықпен күресу үшін жасанды зердеге сүйенетін болды
Түркия тыңшылықпен күресу үшін жасанды зердеге сүйенетін болды
9 күн бұрын 343 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркия билігі тыңшылықпен күресте жасанды зерде технологиясына жүгінеді. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта түрік ғалымары осы бағытта айрықшамен жұмыс істеуге көшкен: тыңшылық мақсатта ел аспанында ұшып өткен ғарыштық аппараттар мен спутниктерді анықтауға мүмкіндік беретін технологияны қолға алып жатыр. Түрік аэронавтика қауымдастығы (THK) университетінің проректоры, профессор Тақсын Шағыр Шишман тыңшылық спутниктері туралы ақпараттың space-track.org сайтында жоқ екенін түсіндірді. Осыған байланысты аталған ел ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін ғарыш объектілерінен алынған деректерді қадағалаудың басқа жолдарын іздестіруде. Оның айтуынша, бірегей жобаны жүзеге асыру өз кезегінде түріктерге жасанды зерде тыңшылық спутниктерді қадағалауға және олардың орбиталарын анықтауға көмектеседі.

 

0 пікір
Мұрағат