Әлемдегі әрбір бесінші өлім-жітімнің себебі айтылды
Әлемдегі әрбір бесінші өлім-жітімнің себебі айтылды
3 жыл бұрын 2178 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, қазбалы отыннан (мұнай мен газ, көмір) ластанған ауа 2018 жылы 8 млн-нан аса адамның өмірін жалмаған. Бұл сан күллі әлем бойынша ересектер арасындағы өлім-жітімнің 20%-ын құрайды. Бұл жайында islam.kz порталы seas.harvard.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемде климат өзгерісінен қартаймай жатып өмірден озатындар қарасының жартысы Қытай мен Үндістан «еншісінде», қалғаны Бангладеш, Индонезия, Жапония және АҚШ елдерінде деңгейлес шамада тараған. Бұл бағыттағы зерттеу материалы Environmental Research мерзімді басылымында жарияланды. Мұнай мен газды және көмірді жаққан кезде атмосфераға бөлінетін титтей бөлшектерінің улы «коктейлі» әлемдегі барлық өлім-жітімнің 20-25%-на себеп болып отыр. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Гарвардтың қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің экологиялық эпидемиология профессоры Джоэл Шварцтың айтуынша, осынау қасіретті статистикалық деректің өзі әлем қауымдастығына жасыл энергияға көшуін тездету керектігін ұқтырып отыр. Ал бұрынғы зерттеулер нәтижесінен ластанған ауаның адам өмірін орташа есеппен екі жылға қысқартатыны белгілі болған еді. Күллі әлем бойынша. Соның ішінде ең қиын жағдай Азияда, дәлірегі, Азияның халық саны көп әрі тығыз орналасқан оңтүстік-шығысында қалыптасып отыр. Аталған аймақтағы өндірісі көп Қытайда адамның орташа өмір сүру ұзақтығы 4,1 жылға, Үндістанда 3,9 жылға, ал Пәкістанда 3,8 жылға кеміген. Яғни, әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе жоғары. Дамның қартаймай жатып ерте өмірден озуына себеп болып отырған өлім-жітімнің басқа түрлерімен салыстырып көрейік: безгектен өлетіндер санына шаққанда ауаның ластануынан қаза табатындар қарасы 19 есе көп, ВИЧ/ЖИТС-тан көз жұматындар қарасына шаққанда 9 есе көп, осылай кете береді.

Ұқсас материалдар:

«Өткен жылы ауаның ластануынан 500 мыңдай бала көктей солды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/otken-jyly-auanyn-lastanuynan-500-myndai-bala-koktei-soldy-14313/#gsc.tab=0)

«Таяу Шығыстағы бір ғана елде ауаның ластануынан жыл сайын 33 мың адам опат болады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/tayau-shygystagy-bir-gana-elde-auanyn-lastanuynan-jyl-saiyn-33-myn-adam-opat-bolady-12796/#gsc.tab=0);

«Ауаның ластануы жүрек құрылымын өзгертеді – ғалымдар» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/auanyn-lastanuy-jurek-qurylymyn-ozgertedi-galymdar-10676/#gsc.tab=0);

«Вирус пен зиянды ластаушылар арасында байланыс бары анықталды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/virus-pen-ziyandy-lastaushylar-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-14081/#gsc.tab=0!;

0 пікір
Мұрағат