СПИД-ке қарсы дәрі ойлап тапқан Йемендік ғалым, дін қайраткері Абдульмәжид Зиндани дүние салды
СПИД-ке қарсы дәрі ойлап тапқан Йемендік ғалым, дін қайраткері Абдульмәжид Зиндани дүние салды
10 күн бұрын 1950

Кеше сәуірдің 22 күні Йемендік дін қайраткері, уағызшы әрі ғалым Шейх Абдульмәжид Зиндани 82 жасына келген шағында бақилық болды.

Абдульмәжид Зиндани мұсылман жұртшылығына Құран мен пайғамбардың сүннеттеріндегі ғылыми жаңалықтарды ашушы ретінде танымал. Оның мұрындық болуымен және «Халықаралық мұсылмандар лигасының» қолдауымен 1984 жылы Сауд Арабиясында «Құран мен сүннеттегі ғылыми ерекшеліктер жөніндегі комиссиясы» құрылды. Бұл орталықты ол, бас хатшы ретінде 1995 жылға дейін басқарды.

Одан бөлек, 1995 жылы Йемен өкіметінің қолдауымен «Сана» (Йемен) қаласында «Иман» атты сунниттік бағыттағы Ислам университетін ашты.

СПИД-ке қарсы дәрі ойлап тапқан 

Бірнеше кітаптар мен ғылыми мазмұндағы мақалалардың авторы болып табылатын ғалымның ең үлкен жетістігі - «Пайғамбар медицинасы» негізінде СПИД вирусына қарсы ойлап тапқан дәрісі болса керек. Ол мұны 15 жыл зерттеген. Ол өзінің сұхбаттарының бірінде «СПИД вирусын жоюға арналған дәрі ойлап тапқан әлемдегі жалғыз адам менмін" деген еді, және деБҰҰ-ның (ООН) мамандандырылған мекемесі болып саналатын «Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымынан» (ДЗМҰ) СПИД-ке қарсы дәрі жасау патенттін де алғанын хабарлаған болатын1. (Ғалымның СПИД-ке қарсы шөппен емдеуге қатысты патент алуға берген өтініші, 2011 жылдың сәуірінде «Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының» (World Intellectual Property Organization) веб-сайтында жарияланған, басып көре аласыздар).

2014 жылы Йемен билигі Хуситтердің қолына өткеннен соң, Сауд Арабиясына көшуге мәжбүр болады. Сауд Арабиясында бес жыл қалып, 2020 жылының күзінде Түркияға қоныс аударады. Өмірінің соңғы кезеңін Түрік елінде өткізген Ол, кеше сәуірдің 22 жұлдызында (2024 ж) 82-ге келген шағында дүние салды2. Жатқан жері пейіш болсын! Иннә лилләһи уә иннә иләйһи рожиъун!


"Ғалым Абдульмәжид Зиндәни - СПИД вирусын жоятын дәрі ойлап тапқан әлемдегі жалғыз адам", А. Қасым. 
2  https://en wikipedia org/wiki/Abdul_Majeed_al-Zindani  

Дайындаған А. Қасым, арнайы islam.kz үшін. 

0 пікір
Мұрағат