Жазатайым оқиғадан өлім аузынан қалған голландық актер исламды қабылдады (видео)
Жазатайым оқиғадан өлім аузынан қалған голландық актер исламды қабылдады (видео)
9 күн бұрын 475 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Нидерландының белгілі актері, моделі Донни Рёлвинк исламды қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Telegraaf әлеуметтік желісіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның мешітте тәлін кәлимаға келтіріп, шәһаданы айтуы бейнеленген видео әлеуметтік желіде тура мағынасында дүмпу тудырды. «Бұл күннің мен үшін ерекше екеніне көп адамның назар аударатынын күтпеп едім. Мені суретке, видеоға түсіріп жатты, бұқаралық ақпарат құралдарымен тілдестім»,- деп таңқалысын жасырмады ол. Донни Рёлвинкті өмірдің мағынасы туралы ойға жазатайым оқиға итермелеген екен. Ол көлік апатынан аман қалды. Ауыр Хаммер үстінен басып өткен. Бірнеше апта емхана төсегіне таңылған ол өлім аузынан қалғанына қарамастан қасиетті Рамазан айында шамасы келгенше ауыз бекіткен. Ол бұрыннан исламды білгенімен Құранды қайта оқып шыққан. Нәтижесінде хақ жолға түсті.

 

0 пікір
Мұрағат