Климат өзгерісі бір және көп жасушалы организмдер генін мутацияға ұшыратады
Климат өзгерісі бір және көп жасушалы организмдер генін мутацияға ұшыратады
3 жыл бұрын 3640 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Адамзаттың өз қолымен жасалған табиғатқа қарсы зұлымдығы мен ашкөздігі өзіне ор болып қазылады. Жаһандық жылынуға байланысты орын алып отырған климат өзгерісі тек стихиялық дүлей апаттар мен әлеуметтік катаклизмдерге ұрындырып қоймай, сонымен қатар, биологиялық әралуандылық пен популяцияға терең әсерін тигізбек. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы туралы хабар таратқан royalsocietypublishing.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бір және көп жасушалы организмдердің денсаулығына тигізер зардабы ауыр болмақ, соның ішінде температураның көтерілуі өз кезегінде ақуыздар қызметіне теріс әсерін тигізбек. Табиғи орта климат өзгерісінен мейлінше шапшаң трансформациялануда. Бұл жайт көптеген түрлер үшін тіршілік етудің жаңа шарттарын қалыптастыруда: «Ұзақ мерзімді келешекте организмдер қоршаған ортаның жедел өзгерісіне генетикалық тұрғыдан бейімделуі тиіс, олай болмаған жағдайда олар жойылады. Бұл бейімделу процесі генде өзгеріс тудыратын мутация арқылы жүзеге асады. Алайда, бұл процесс адам үшін салдары ауыр болмақ»,- деп жазды Уппсал университетінің экология және генетика кафедрасының қызметкері Дэвид Бергер. Бұл салада тыңнан түрен салған аталмыш зерттеуде қолға алынған ақуыздардың қалыптасу процесінің теориялық моделі тіршілік ету ортасы әртүрлі тіршілік иелерінің бойындағы мутация эффектісімен салыстыра қарастырылған тәжірибе нәтижесімен біріктірілді. Негізінде аталмыш зерттеудің түпкі мақсаты қоршаған ортаның өзгерген жағдайы мутацияның зиянды эффектісін тудыратынын немесе тудырмайтынын анықтауға саяды. Осы мақсатта температураны өзгерте отырып, тіршілік иелеріне түрлі тәжірибелер жүргізілді. Нәтижесі көрсеткендей, егер температура 2-4°С-тан жоғарыласа, тропикалық түрлердің бойындағы мутацияның зиянды салдары екі есеге артқан.

0 пікір
Мұрағат