Бақсы-балгерлерге алты айға дейін қоғамдық жұмысқа жегу жазасы қолданылады
Бақсы-балгерлерге алты айға дейін қоғамдық жұмысқа жегу жазасы қолданылады
1 ай бұрын 730 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Тәжік билігі сиқыршы, бақсы, балгер, тәуіп және бойтұмар жасаушыларды алаяқ деп танитын әрі осындай лас істермен айналысқандарды алты айға дейін қоғамдық жұмысқа жегу жазасы қарастыррылған шараны қолға алмақ. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы мақсатта аталған елдің қылмыстық және әкімшілік заңнамаларына тиісті түзетулер енгізіледі әрі олардың арнайы тізімі жасалады. Қазірдің өзінде сорақы тірлікке жол бергендерге 330 доллар мөлшерінде айыппұл салынады, ал қайталанған жағдайда бұл сома екі есеге өседі – 660 доллар. Осы орайда Тәжікстан парламентінің жоғарғы палатасының 2016 жылы елдің қылмыстық кодексіне сиқырлықта пайдаланып, төсек қатынасына тартқандарды 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген түзету енгізгенін айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат