Марк Цукерберг әлем тұрғындарына тегін ғаламтор сыйға тартпақ
Марк Цукерберг әлем тұрғындарына тегін ғаламтор сыйға тартпақ
9 жыл бұрын 3220

Facebook желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азияға жасаған саяхаты туралы берген сұхбатында әлем жұртшылығының тек 30%-ы ғана ғаламтордың қызығын көріп отыр деген тұжырымға келген. Бұл жайында nur.kz сайты Bnews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Ол осы заманғы, осы заманғы емес-ау, дәуір жетістігі саналатын ғаламтордың игілігін исі адамзат көруі керек деп есептейді. Алайда, адамзаттың 70%-ы ғаламтордың не үшін керек екенін білмейтін болып шықты. Ол күллі әлемді ғаламтор желісімен қамтамасыз ету үшін "Цукерберг Internet.org» деп аталатын жаңа сервис құратынын мәлімдеді. Әрі аталмыш бағдарламаның оң нәтиже беретініне сенімді. Өйткені, Кения мен Замбия елдерінде ғаламтор желісі қосылғаннан кейін Эбола және ВИЧ жұқтырғандардың көрсеткіші едәуір азайған. Facebook-тың негізін салған Марк Цукерберг Internet.org медицина, жұмыс, қаржыға байланысты ақпаратты тегін алуға мүмкіндік беретінін айта кетті. Сонымен қатар, тұтынушылар Википедия сынды анықтамалық сайттарға тегін кіре алады. Бірақ, видео немесе жаңалықтар сайтына кіргісі келген жандар ғаламтордың бұндай қызметін ақы төлеп қана игілігіне пайдалана алады.

0 пікір
Мұрағат