|
Израил билігі палестиналықтарды өз үйлерінен қуып жатыр
|
Iinanews ақпарат көзінің хабарлауынша, Израиль билігі әскери оқу-жаттығуын өткізу үшін палестиналықтардың 20-ға жуық отбасын өз үйлерінен қуып шығуды жоспарлап отыр. Жергілікті кеңестің өкілі Арефа Дараганың сөзіне қарағанда, бұл отбасыларға екі апта ішінде үйлерінен кетуін талап еткен ескерту қағазы берілген. Сондай-ақ, ол мұндай жаттығудың жыл сайын өтетінін, соған байланысты жылда палестиналықтар мен израилдік әскерилердің арасында қақтығыс болып, талай бейбіт тұрғынның айдың-күннің аманында жарақат алатынын да жеткізді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды
■
АІ агенттері бірін-бірі «сыртынан» көрсетіп бере алады – оларға «құпия желі» ашылды