Ислам сегіздігі (D-8) ішкі сауда-саттық пен өзара экономикалық байланысты арттырады
Ислам сегіздігі (D-8) ішкі сауда-саттық пен өзара экономикалық байланысты арттырады
3 жыл бұрын 1949 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Дамушы сегіз мұсылман елінің экономикалық ынтымақтастық ұйымына («Ислам сегіздігі», D-8) мүше елдер (Бангладеш, Мысыр, Индонезия, Иран, Малайзия, Нигерия, Пәкістан және Түркия) жеңілдетілген сауда келісімдері негізінде ішкі сауда-саттық мөлшерін 2030 жылдың соңына дейін 30 пайызға арттыруды мақсат етіп қойды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде D-8 бас хатшысы Датук Жапар Ку-Шаариге жөн сілтеген anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, D-8 – экономикалық ынтымақтастыққа негізделген үкіметаралық ұйым, оның мақсаты аталған ұйымға мүше елдердің әлемдік экономикадағы позициясын нығайтуға саяды, ал суда-саттық осы ынтымақтастықтың аса маңызды салалық бөлігі болып табылады. Осылай деген ол D-8 елдерінің сауда-саттығының жиынтық мөлшері бүгінгі таңда 1,6 трлн долларды құрап отырғанын жеткізді. Яғни, бұл көрсеткіш әлемдік сауда-саттық мөлшерінің 4,5 пайызын құрайды. Соңғы 20 жыл бедерінде D-8 елдерінің өзара сауда-саттығы 6 есеге артқан. Көп ұзамай D-8 ұйымының әлем экономикасының маңызды орталығына айналатынын айта келе D-8 ұйымына мүше елдердің экономикалық мүмкіндіктерін толық пайдалануды, аталған елдердің әл-ауқатын жақсартуға күш салатынын тілге тиек етті. D-8 елдерінің жалпы халық саны 1,1 млрд адамнан асады, ал жалпы ішкі өнім 3,8 трлн долларға жеткен. Яғни, әлемдік жалпы ішкі өнімнің 5 пайызы осы сегіз елдің еншісінде болып шықты. Ал инвестиция тарту жағынан әлемдік шетелдік инвестицияның 10 пайызы осы сегіз елде екенін әрі осы сегіз елдің халқы қартаю процесіне ұшырай қоймаған жас екенін ескерсек, болашақта аталмыш ұйымның әлеуеті артады. Бұдан бөлек, соңғы жылдары әлемдік трендке айналған туризм саласы бойынша D-8 елдерінің әлеуметі мен мүмкіндігі өзшелермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болып шыққан – жылына 100 млрд доллардан аса табыс табуға болатын сала.

0 пікір
Мұрағат