Ирак үшін ең ауыр жылдар жақындап келеді
Ирак үшін ең ауыр жылдар жақындап келеді
3 жыл бұрын 10277 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Ирак, міне, табаны күректей 40 жылдың жүзі болды, соғыстан, санкциядан, лаңкестік әрекеттен, ішкі қайшылық пен қарулы қақтығыстардан зардап шегіп келе жатқанына. Бұл жайында islam.kz порталы Trend ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылардың айтуынша, аталған елдің саяси тұрақсыздығы мен экономикасының шатқаяқтауына себеп болған бұл айтылғандар басы ғана, Ирак үшін қатаң сынаққа толы ең ауыр жылдар әлі алда – 2035 жылы елде су ресурсы тапшылығы артады, дәлірегі, жыл сайын 10,8 млрд текше метр су тапшылығын тартатын болады. Бұдан бөлек, бүгінде халқының саны 38 млн Ирак тұрғындарының қарасы 2050 жылы 80 млн-ға жетпек. Бұл демографиялық ахуал өз кезегінде Ирак дағдарысын тереңдетеді. Ал бұл жайт өз кезегінде ирактық босқындар қарасын арттырып, тек елдегі саяси әрі экономикалық дағдарысты тереңдетіп қоймай, сонымен қатар, аймақтағы жағдайға кері әсерін тигізеді, әсіресе, көрші елдерге, соның ішінде Иранның әлеуметтік-экономикалық саласына айтарлықтай салмақ салатынын болжап отыр сарапшылар. Бүгінгі таңда ирактықтар Тигр мен батыс Азиядағы ең ірі өзен саналатын трансшекаралық Фырат өзендерінің суын пайдаланып отыр. Климат өзгерісіне байланысты аталған екі өзеннің суы айтарлықтай тартылуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат