Имамды өлімші етіп сабап кетті
Имамды өлімші етіп сабап кетті
7 жыл бұрын 4177 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының Пенза облысында аймақтың мұсылмандар діни басқармасының имамы Ислам Дауытовты белгісіз біреулер Бестянка елді-мекеніндегі өз үйінің табалдырығында өлімші етіп сабап кеткен. Осы оқыс оқиғаға байланысты Ресей мұсылмандарының орталық діни басқармасының жетекшісі Талғат Тәжуддинге жолданған хатта аймақ имамын таяққа жыққандардың қарасы үш адам екені айтылған. "Еш себепсіз басымнан ұрған қылмыскерлер мені жерге жығып алып, тепкінің астына алды. Оларды ашылған темір қақпаның дыбысы тоқтатты. Олар өздерін күтіп тұрған нөмірі жоқ автокөлікке қарай қашты. Ресей мұсылмандарының жетекшісі ретінде сізден имамдар мен олардың отбасын экстремистерден қорғауыңызға алуыңызды, осы оқиғаны бақылауға алуыңызды, РФ конституциясына және құқықтық мемлекетте тұлғаның бостандығына қол сұғатын осындай қылмыстарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияға жар салуыңызды сұраймын",- деп айтылған хатта. Аталмыш үшбу хаттың мәтіні «Интерфакс» ақпарат көзінде жарық көрді. Айта кетейік, соңғы бірер жылдың мұғдарында Ресей аумағында имамдарға шабуыл жасау, қастандық жасау оқиғалары жиілеп кеткен. Қылмыскерлердің дені экстремистер. 

0 пікір
Мұрағат