«Халалдың цифрлы экожүйесі»
«Халалдың цифрлы экожүйесі»
2 ай бұрын 750 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Татарстанның астанасы – Қазан қаласында өткен KazanSummit алқалы шара кезінде «Халадың цифрлы экожүйесі» жобасы жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жоба контрафактімен (жалған, жасанды, заңсыз) күреске арналған. Соның ішінде блокчейн есебінен контрафактімен күресуді ұйғарады. Сарапшылар жүйені жалған деректерден қалай қорғау керектігіне тоқталған болатын. «Халадың цифрлы экожүйесі» ашық акционерлік қоғамының бас директоры, ислами заң орталығының жетекшісі Жәлел Мұстафиннің мәлімдеуінше, шариғат талаптарына өзін сай етіп көрсететін тағам өнеркәсібіндегі контрафактілер көбейіп келеді. Соның ішінде пайда табу үшін «халал стандартына сай» деген белгіні (маркілеу) жапсырып алу фактілері анықталып жатыр. Бұл жоба осындай келеңсіздіктермен күресуге арналған. Өйткені, бұл мемлекет тарапынан қадағаланбайтындықтан мұндай жобаның маңызы зор. Бұл жоба жалған халал өнімдерден запы болған мұсылмандар мен бизнес өкілдерінің бастамасы негізінде қолға алынып отырғанын жеткізді. Шариғат заңдары бойынша өнімдердің цифрлық экожүйесіне халал үшін сандық сертификаттар, QR коды бар цифрлық блокчейн паспорты, осындай өнімдерді сатуға арналған сауда алаңы және жеткізу жүйесі кіреді. Аталмыш экожйенің құрамдас бөлігі ретінде, аталмыш жоба авторларының айтуынша, блокчейн технологиясы кіреді. «Universa» негізін қалаушы әрі оның атқарушы директоры, Халықаралық аэроғарыш комитетінің инновация және ғылыми зерттеу жөніндегі комиссия жетекшісі Александр Бородичтің сөзіне қарағанда, бұл технология халал стандартына қатысушы барлық өндірушілердің өндіріс және сату тізбегін қамтитын барлық мәліметін біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл жайт өз кезегінде қандай өнімнің халал стандартына ие екенін тұтынушының біліп отыруына мүмкіндік береді. Оның айтуынша, блокчейн технологиясы саласындағы пилоттық жобалар Тунис пен Біріккен Араб Әмірлігінде сынақтан өтіп жатыр. Халал экожүйесінің әрбір қатысушысы тауардың цифрлы паспортына ақпарат енгізе алады. Оған тұтынушы QR-коды арқылы қол жеткізе алады. «Фермер өнімді қашан және қайда өндіргенін азады, логист оны қайдан және қашан алғанын, қайда жеткізгенін жазады, егер оның рефрижераторында датчик болса, қандай температурада сақталып, тасымалданғаны тіркеледі, ал дүкен қай күні қабылдап, қай уақытта сатқанын жазады»,- деп түсіндірді маман. «Халадың цифрлы экожүйесі»*-нің тағы бір артықшылығы – электронды коммерцияның (яғни, сауда-саттықтың) алаңына айнала алады. Бүгінше жұқпалы індетке байланысты қолға алынған сақтық әрі шектеу шараларына орай тұтынушылар тауарды онлайн режимінде сатып алғанды қолай көреді.

0 пікір
Мұрағат